«Позитивті мағыналар аумағы» декадасы аясында 2026 жылғы 06 ақпан күні «Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК әлеуметтік педагог С.Г. Коновалова «Мен – бірегеймін» атты психологиялық тренинг өткізді.
Тренинг барысында тапсырмалар мен жаттығулар ойын түрінде ұсынылып, бұл сабақтың жасөспірімдер үшін қызықты әрі тартымды өтуіне ықпал етті.
Қатысушыларға ерекше әсер қалдырған «Әуе шарлары» жаттығуын орындау кезінде ішкі өзін-өзі жетілдіру мүмкіндігіне деген көзқарас қалыптасты, мазасыздық деңгейі төмендеп, қауіпсіздік сезімі артты. Сонымен қатар, жасөспірімдер күйзеліс жағдайларында өз-өзіне көмек көрсету тәсілдерімен танысты. Бұл жаттығу оқушыларға көптеген жағымды эмоциялар сыйлады.
Аталған тренинг жасөспірімдердің жеке тұлғалық қорғаныс қасиеттерін дамытуға ықпал етті: өзіне деген сенімділік, үйлесімді қарым-қатынас орната және сақтай білу, шешім қабылдау, дағдарысты жағдайларды еңсере білу. Іс-шара бейнеролик көрсетумен қорытындыланды.



